Павлодар облысының Әділет департаменті Инновациялық Еуразия университетінің студенттері үшін семинар өткізді.
Семинардың мақсаты зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың құқық қолдану практикасы, авторлық құқықтарды тіркеу, зияткерлік меншік объектілеріне сараптама жүргізу рәсімі болып табылады.
Шара барысында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері, қорғау құжаттарының қолданылу мерзімдері, зияткерлік меншік объектілерін тіркеудің артықшылықтары, өнеркәсіптік меншік объектілеріне электрондық өтінім беру мәселелері талқыланды.