2025 жылдың 12 мамырында Павлодар облыстық Әділет департаментінің басшысы Маржан Имятова азаматтарды қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар алимент өндіру, мүлік иелері бірлестігін тіркеу құқығы және сот шешімінің орындалу сұрақтары бойынша жүгінді.