Трамвайда құқықтық кеңес берілді

Трамвайда құқықтық кеңес берілді

«Әділет кеңес береді» акциясы, дәстүрлі түрде тұрақты өткізіледі. Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес беріп, құқықтық сауаттылықты арттыру. Шара 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні аясында ұйымдастырылды.

Айта кетерлігі, акция кезінде Павлодар облыстық әділет департаментінің мамандары, адвокат, нотариус, жеке сот орындаушысы, заң кеңесшілері және сот сараптамасы институның қызметкерлері тұрғындарға құқықтық кеңес берді.

Бұл ретте павлодарлықтар мамандарға өз сұрақтарын қоюға да мүмкіндік алды.