Павлодар облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтар бөлімі Павлодар облысының Атамекен ҰКП-мен бірлесіп, өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы жасалған меморандум шеңберінде Zoom платформасы арқылы аймақ кәсіпкерлеріне арналған «Зияткерлік меншік» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Жоғарыда аталған іс-шараның мақсаты - аймақ кәсіпкерлеріне зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, атап айтқанда зияткерлік меншікті тіркеу, зияткерлік меншікті заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы құқықтық білім беру.
Кездесу барысында іс-шараға қатысушылардан зияткерлік меншік объектілерін тіркеуге, оларды қорғау және қорғау әдістеріне қатысты сұрақтар қойды.
Қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.