«Заң және тәртіп» медиажоспары аясында қаламыздың Мұнайгаз колледжінде «Ақылға қонымды есептеулер қаржылық алаяқтармен күресудің маңызды құралы» тақырыбында тренинг өтті. Шараны Павлодар облыстық Әділет департаменті мен Жастар бастамаларын дамыту орталығы қолға алды. Онда Қазақстан Халық партиясының Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әлімбек Ағыбаев, Павлодар облысы Әділет департаментінің филиалы және Павлодар ауданаралық атқарушы сот орындау бөлімінің жетекшісі, аға сот орындаушысы Аслана Байзақова қатысты. Спикерлер студенттерге қаржылық сауаттылық, алаяқтықтың алдын алу бойынша кеңес берді.