Іздеуде жүрген азамат ұсталып, жауапкершілікке тартылды

Іздеуде жүрген азамат ұсталып, жауапкершілікке тартылды

Павлодар облыстық Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы Жәнібек Тусіпбеков ағымдағы жылдың 29 сәуірінде мемлекет пайдасына 70 млн. теңгеден астам соманы өндіру туралы атқару құжатының талаптарын орындамағаны үшін борышкер С.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабы бойынша хаттама толтырып, қарастыру үшін сотқа жолдады.
Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен өзара іс-қимыл мен бірлескен күш-жігердің арқасында 2 жыл бойы іздеуде жүрген борышкер ұсталғанын атап өткен жөн.

Сот қаулысымен борышкер С. 1 тәулік, яғни әкімшілік қамау түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.