Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!

ҚР Бірлік күні мерекесі қарсаңына орай ағымдағы жылғы 30 сәуірде Павлодар қаласының №5 айналма бағыты бойынша жүретін борттық нөмірі 157 қалалық трамвайда Павлодар облысының Әділет департаменті «Әділет кеңес береді» акциясын өткізеді.
Іс-шараға Әділет департаментінің қызметкерлері, сот медициналық сараптамалар институты өкілі, адвокат, нотариус, жеке сот орындаушысы және заң консультанттары қатысады.

Азаматтар өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша құқықтық сипаттағы білікті заң көмегін ала алады. Осы іс-шара уақытында трамвайда жол жүру тегін болады.
Трамвайдың Деподан шығуы сағат 10:00-де Назарбаев көшесі бойынша жоспарланған.
Азаматтарды науқанға белсенді қатысуға шақырамыз!