Ағымдағы жылдың 22-сәуірінде Екібастұз қаласындағы “Maxi mall” сауда үйінде “Заң және тәртіп” идеологиясы аясында азаматтарға кеңес беру жүргізілді. Тұрғындар прокуратура, полиция басқармасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті, білім беру және жұмыспен қамту бөлімдері өкілдерінен сұрақтарына жауап алды.
Сондай-ақ, Екібастұз ауданаралық бөлімінің басшысы-аға сот орындаушы Әсел Махимова, нотариус Назгүл Әбелдинова, заң кеңесшісі Бейбіт Омаров, жеке сот орындаушы Махаббат Бигалинова, адвокат Алмагүл Нұрсапина азаматтарға кеңес берді.