Құқықтық кездесу

Құқықтық кездесу

2025 жылдың 22 сәуірінде Павлодар қаласындағы Монтаждау колледжінде Жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» медиажоспары аясында құқықтық кездесу ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – студенттерге буллинг, оның түрлері, салдары, одан қорғану тетіктері туралы ақпарат ұсыну. Кездесуге Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Биғайша Болатова, Павлодар облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Лариса Қабжасарова қатысты.