
Ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған құқықтық түсіндіру кездесуі
Бүгін ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін кәсіби қызмет барысында жиі кездесетін өзекті құқықтық мәселелерге арналған кездесуі өтті.
Кездесу спикері – әділет саласының бас маманы Жұматов Газиз Ермекұлы. Ол қолданыстағы заңнамаға қатысты маңызды тұстарға тоқталып, нақты мысалдар арқылы кейстерді талдап, құқық нормаларын іс жүзінде тиімді қолдану бойынша пайдалы кеңестер ұсынды.