
Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде «Заң мен тәртіп» медиажоспары аясында Павлодар облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы Айнұр Кожахметова Қазақстан халық партиясының Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Алимбек Агибаевпен бірлесіп «№1 арнайы кешен балабақша-мектеп-интернаты» КММ-де түсіндірме дәрісін өткізді.
Спикерлер әлеуметтік құқықтардың негізгі қағидаттары мен тұжырымдамаларын түсіндіріп, сондай-ақ заңдарды сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндірді.
Іс-шараның мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру.