Жастармен кездесу ұйымдастырылды

Жастармен кездесу ұйымдастырылды

“Тура жол” жобасы аясында жастармен кездесу ұйымдастырылды. Шараның негізгі тақырыбы - мектептегі буллингтің алдын алу. Жастарға Павлодар облыстық Әділет департаментінің бөлім басшысы Лариса Кабжасарова,”Үміт үзбеу” ұйымының жетекшісі Гауһар Омарова, Павлодар адвокаттар алқасының адвокаты Бақыт Сыздықова дәріс оқыды. Кездесу барысында әлім- жеттіктің себеп салдары, қоғамға тигізер залалы түсіндірілді. Оқушылар өз кезегінде спикерлерге сұрақтарын қойды.