
Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде Павлодар облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Данияр Байдильдиннің төрағалығымен Павлодар облысының Әділет департаменті жанындағы мемлекеттік органдардың заң кызметтерінің үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында 2025 жылғы 1 тоқсандағы өңірлік норма шығару саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жұмысының қорытындылары шығарылды, Әділет департаменті енгізген заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар қаралды, сондай-ақ «Ашық НҚА» порталында нормативтік құқықтық актілерді жіберу және орналастыру тәртібі туралы түсініктемелер берілді.
Сонымен қатар, Үйлестіру кеңесінің қатысушылары проблемалық мәселелерді талқылап, өңірлік норма шығармашылықтың сапасын арттыру бойынша бірталай ұсыныстар енгізді.