
Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігі мен моральдық-этикалық қасиеттеріне жоғары талаптар қояды.
«Заң мен тәртіп» медиажоспар аясында Павлодар облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша семинар өткізді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілерге моральдық-этикалық талаптарды арттыру, олардың қоғамдағы ерекше рөлін түсіндіру, оларға азаматтардың имиджі мен сенімін нығайту, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу.