
АТА ЗАҢ - ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ
1995 жылдың 30 тамызында өткен Жалпыұлттық Референдумда ҚР Конституциясы қабылданды. Биыл Ата Заңымызға - 30 жыл. Осыған орай биылғы 20-ақпанда ҚР Үкіметімен “Ата Заң - Тәуелсіздіктің тірегі” атты Ұлттық жоспар әзірленді. Жалпы 30 шараны қамтитын жоспар ғылыми-тәжірибелік, ақпараттық-ағартушылық бағытты қамтиды. Осыған орай бүгін Павлодар облыстық Әділет департаменті мен Жастар бастамаларын дамыту орталығы Павлодар облыстық полиция департаментінің мұражайына экскурсияға ақпараттық технология колледжінің студенттерін апарды. Жастар ішкі істер саласының даму жолымен, өзгерістерімен танысуға мүмкіндік алды. Павлодар облыстық полиция қызметінің тарихымен танысты.
Айта кетейік, Ұлттық жоспар аясында шаралар ағымдағы жылдың 30 тамызына дейін жалғасады.