
«Tура жол» жобасы аясында №11 орта мектеп оқушыларымен құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру кездесуі өткізілді.
Іс-шараның спикерлері:
Ағибаев Әлімбек Төлегенұлы – заңгер-консультант
Отыншин Бағдат – Павлодар облысы әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің бас маманы
Сарапшылар қатысушыларға жастардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық қауіптер және олардан сақтану жолдары туралы айтты. Сондай-ақ, буллинг және оны болдырмау шаралары сияқты маңызды тақырыптар талқыланды.
Бұл кездесу оқушыларға көмектесті:
Заңнаманы жақсырақ түсінуге.
Өз құқықтары мен міндеттерін ажыратуға.
Қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауды үйренуге.
Буллингтен және басқа құқық бұзушылықтардан қалай қорғануға болатынын білуге.