Колледж студенттерімен кездесу өтті

Колледж студенттерімен кездесу өтті

Жастар арасында лудомания, нашақорлыққа тәуелділік, буллингтің алдын алған абзал. Осы ретте «Заң мен тәртіп» медиа жоспары аясында кезекті кездесу ақпараттық технологиялар колледжінде өтті.
Оған Павлодар облыстық Әділет департаментінің бас маманы Ғазиз Жұматов, Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі департаментінің бас маманы Әлия Есімханова, полиция майоры Ерлан Қалқамбеков қатысты.
Кездесу барысында студенттерге жастар арасындағы құмар ойындарға, нашақорлыққа тәуелділік, әлімжеттік, киберқылмыс, буллинг бойынша ақпарат берілді. Бүгінгі шараның негізгі мақсаты - студенттер арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған.
Жастар шара кезінде сұрақ қоюға мүмкіндік алды.