Мақсат – құқықтық сауаттылықты арттыру

Мақсат – құқықтық сауаттылықты арттыру

Заң мен құқықты меңгерген азамат қоғамның дертіне айналған дүниелерге алданбайды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды ерте бастаған жөн. Әсіресе жастар арасында лудомания, нашақорлыққа тәуелділік, буллингтің алдын алған абзал. Осы ретте «Заң мен тәртіп» медиа жоспары аясында кезекті кездесу Margulan атындағы педагогикалық университетінде өтті.
Дөңгелек үстелге Павлодар облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары Талғат Мушанов, Павлодар облысы заң кеңесшілері палатасының заң кеңесшісі Әлімбек Ағыбаев, Павлодар облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Аслана Байзақова, Павлодар облыстық экономикалық тергеп тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Әлия Қожамқұлова, Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі департаментінің бас маманы Әлия Есімханова қатысты.
Кездесу барысында студенттерге жастар арасындағы құмар ойындарға, нашақорлыққа тәуелділік, әлімжеттік, киберқылмыс, буллинг бойынша ақпарат берілді. Бұлар жастар арасында құқықтық және қаржылық сауаттылық көрсеткішінің төмен болғандығынан орын алып отыр. Сондықтан бүгінгі шараның негізгі мақсаты - студенттер арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған.
Жастар шара кезінде сұрақ қоюға мүмкіндік алды.