Павлодар облысы Әділет департаментінің қызметкерлері семинар-кеңеске қатысты

Павлодар облысы Әділет департаментінің қызметкерлері семинар-кеңеске қатысты

Заң және тәртіп!
“Ашық мемлекет” қағидаты бойынша мемлекеттік органдардың халықпен өзара қарым-қатынасын трансформациялау, өтініштерді тіркеу қағидалары мен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талаптарын бұзушылықтарға жол бермеу, халықтың мәселелерін жедел қарау мақсатында азаматтардың өтініштеріне тиімді ден қою үшін Павлодар облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Павлодар облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің облыстық департаментімен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған семинар-кеңеске қатысты.

Іс-шарада тіркеу, мерзімдерді сақтау кезінде туындайтын проблемалық мәселелер,
азаматтардың өтініштерін қараудың сапасы мен толықтығы талқыланды.