Атқарушылық іс жүргізу

Атқарушылық іс жүргізу

Департаменттің мемлекеттік сот орындаушысы Ахметжанова Викториямен ағымдағы жылдың 25 сәуірінде мемлекет пайдасына 19 млн. теңгеден астам соманы өндіру туралы атқару құжатының талаптарын орындамағаны үшін борышкер Г-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабы бойынша хаттама толтырылып, қарастыру үшін сотқа жолданған.
Сот қаулысымен борышкер Г. 2 тәулік «әкімшілік қамау» түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.