«Павлодар облысы Әділет департаментінің Павлодар ауданаралық аумақтық сот актілерін орындау бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Қ.М. Матаев ағымдағы жылдың 6 желтоқсанда Павлодар облысы бойынша өңірлік алқасының Ақсу қаласы аумағында орналасқан жеке сот орындаушыларының қатысумен «ҚР ӘҚБтК-нің 669, 670 баптарына сай борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыну дайындау, мерзімдерін сақтау талаптары туралы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.