Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» халықаралық акциясы аясында БҰҰ әйелдер ұйымын техникалық қолдау мақсатында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде баяндама жасаған вице-министр Алма Мұқанова тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, сондай-ақ балаларға қатысты заңсыз шабуылдардың алдын алу және оған қарсы тұру саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс нәтижелерімен бөлісті.
Аталған шарада құқықтық тәртіп қағидасының басымдықтарын ескере отырып, Ұлттық комиссия алаңында Мемлекет басшысы айтқан тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайту, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген фактілерінің жолын кесу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заң бұзушыларға мүлдем төзбеушілік мәселелері талқылануда.