Мүлікті тәркілеу әрқашан өзекті болып табылады және сонымен бірге оны пайдаланудың әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруді қамтамасыз етуге бағытталғандығынан әлеуметтік мәнызы болып табылады.
Мүлікті тәркілеу – сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің барлығын немесе бір бөлігін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп, өтеусіз алып қоюдан тұратын жазалау шарасы.
Жанжалдарды жою, мүлікті сақтау, жою және мемлекет меншігіне айналдыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың бірыңғай қағидаларын әзірлеу, сот актілерінің рөлін арттыру және заңмен белгіленген тәртіппен тәркіленбеген заттай дәлелдемелерді тәркілеу саласындағы қажетсіз қағазбастылықты жою мақсатында .
Сот орындаушылары жергілікті атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп, аудандарды аралау арқылы коммуналдық меншікке қатысты тәркіленген мүлікке тексеру жүргізді.
Тексеру барысында жергілікті атқарушы орган қызметкерлеріне қабылданып тәркіленген мүліктің жетіспеуін немесе бүлінуін болдырмау үшін әдістемелік кеңестік көмек көрсетілді.