
Көптеген адамдар лауазымды тұлғаға, сот орындаушысына балағат сөздер айтқаны үшін Заңмен жауакершілік қарастырылмаған деп қателеседі. Алайда Қазақстан заңнамасымен балағат сөздер айтқаны үшін жауапкершілік көзделген.
ҚР Конституциясының 34-бабының 1-тармағына сәйкес, әркім ҚР Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір - қасиетін құрметтеуге міндетті.
Сондай-ақ, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" ҚР Кодексінің 434-бабында ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, жеке тұлғаларға балағат сөздер айту, тұрғын үй - жайларды қорлау және басқаларға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер жасағанға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не 5 тәуліктен 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделген.
Мәселен, ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Аксу қаласының тұрғын ауданында атқарушылық іс-қимылдарды өткізу кезінде аз.А. сот актісін орындау жөніндегі Павлодар ауданаралық аумақтық бөлімінің сот орындаушысы атына балағат сөздер айтқан.
Ақсу қаллалық сотының қаулысы бойынша көрсетілген жағдайларды ескере отырып, аз.А. әкімшілік жауапкершілікке тартылды 20 АЕК - 69 000 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.