Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Д. Байдильдин 2023 жылғы 28 қыркүйекте Ертіс ауданының Қызылағаш, Селеті, Голубовка және аудан орталығы Ертіс ауылдарында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында азаматтардың назарына әділет органдары қызметінің бағыттары бойынша қолданыстағы заңнамаға енгізілген түзетулер жеткізілді.
Сондай-ақ, азаматтардың назарына Әділет министрлігінің және Әділет департаментінің атына өтініштерді "Электрондық үкімет" веб-порталы, "Е-Өтініш" ақпараттық жүйесімен электрондық құжат арқылы жібере алатындығы атап өтілді. Бұдан басқа, өтініштерді Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 мекен жайы бойынша Әділет министрлігінің ғимаратына поштамен немесе қолма-қол қағаз жеткізгіште жіберуге, ал облыстық Әділет департаментіне Павлодар қаласы, Астана көшесі, 18 мекен жайы бойынша жолдау мүмкіндігі бар екендігі жеткізілді. Министрлік әділет органдарының 12 бағытын цифрландыруды көздейтін Digital Justice – Цифрлық Әділет бастамасын іске асыруда екендігі қоса айтылды.