Бүгін Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары А.М. Саменкуловтың төрағалығымен "Алимент бойынша атқарушылық құжаттарды орындау бөлігіндегі проблемалық мәселелер"тақырыбында жұмыс кеңесі өткізілді.
Аталған кеңеске атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімі басшысының м.а. Д. М. Каиров , жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары Т. Р. Кажимуратов және алимент жөніндегі мамандандырылған топта тұратын жеке сот орындаушылар қатысты.
Кеңес барысында алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау кезінде туындайтын өзекті проблемалық мәселелер талқыланды, сондай-ақ сот орындаушыларына "атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі"дерекқорына қате мәліметтер енгізу фактілеріне жол бермеу туралы түсіндірілді.