Халықаралық балаларды Қорғау күні

Халықаралық балаларды Қорғау күні

Халықаралық балаларды Қорғау күнінде Әділет департаментінің қызметкерлері Өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының, Адвокаттар алқасының, Нотариаттық палатаның өкілдерімен бірлесіп өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау өңірлік орталығына барды.
Сапар барысында балаларға жеміс жиынтықтары табысталды.
Сонымен қатар, білікті заң көмегін көрсету мақсатында өкілдерге алимент өндіріп алу, жәрдемақы тағайындау, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарды оңалту мәселелері бойынша құқықтық кеңес берілді, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша жауаптар берілді.