Екібастұз қаласының тұрғындарымен кездесу

Екібастұз қаласының тұрғындарымен кездесу

Халықпен тиімді кері байланыс орнату мақсатында Павлодар облысы Әділет департаментінің басшысы М.И. Имятованың тұрғындармен кездесуі жалғасуда. Ағымдағы жылдың 26 мамырында Екібастұз қаласының тұрғындарымен кезекті кездесу өткізілді.

Кездесуде Екібастұз қаласының прокуроры, Екібастұз қаласының полиция бөлімі бастығының орынбасары, Павлодар облысының Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы басшысы және орынбасары, Павлодар облысы заң кеңесшілері палатасының заң кеңесшісі, Павлодар облысы Нотариаттық палатасының нотариусы қатысты.

Жеке қабылдау барысында азаматтар атқарушылық іс жүргізу, заматтық хал актілерін тіркеу, заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, мұраны ресімдеу тәртібі, сондай-ақ ішкі істер органдары мен прокуратура құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық кеңес алды.