Наурыз Мейрамы

Наурыз Мейрамы

 

Наурыз мейрамы – көктем мерекесі, жаңа жыл мен жаңа өмірдің бастауы. 21 наурыздан бастап күн мен түннің теңелуі тойланады.
Наурыз айы – жер бетіндегі барлық тіршіліктің жаңаратын уақыты.
20 наурыз күні ұлттық мереке – Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында Павлодар облысы Әділет департаментінде салтанатты шара өтті.
Шара барысында департамент басшысы М.И. Имятова ұжымды келе жатқан мерекемен құттықтап, игі тілектерін жеткізді.
Сондай-ақ, қызметкерлерге ведомстволық наградалар, грамоталар мен алғыс хаттар табысталды.