Ағымдағы жылдың 18 наурызында «Динамо» спорт кешенінде Павлодар облысының Әділет департаменті және “Әділет” Заң кеңесшілер палатасымен Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына орай ведомстволық бағынысты ұйымдар арасында шағын футбол және волейбол бойынша жолдастық турнир ұйымдастырылды.
Турнирге әділет органдарының 6 командасы қатысты:
1. Павлодар облысының Әділет департаменті;
2. Павлодар облысы бойынша сот сараптамасы институты;
3. Павлодар облыстық адвокаттар алқасы;
4. Павлодар облысының Нотариаттық палатасы;
5. Павлодар облысының заң кеңесшілер палатасы;
6. «Әділет» заң кеңесшілер палатасы.
Волейбол турнирінің қорытындысы бойынша 3-орынды Павлодар облысының Әділет департаменті, 2-орынды Павлодар облыстық адвокаттар алқасы, 1-орынды «Әділет» заң кеңесшілер палатасы иеленді.
Шағын футбол турнирінің қорытындысы бойынша 3-орынды Павлодар облысының Әділет департаменті, 2-орынды Павлодар облыстық адвокаттар алқасы, 1-орынды Павлодар облысының заң кеңесшілер палатасы ие болды.
Айта кету керек, жолдастық турнирлер эмоционалды әрі әсерлі өтті. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Әділет департаментімен осындай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.