Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша семинар

Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша семинар

Ағымдағы жылғы 17 наурызда Павлодар облысы әділет департаменті басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл Д.Н. Байділдин Екібастұз ауданаралық әділет басқармасының және «Екібастұз қаласының сот актілерін орындау жөніндегі ауданаралық аумақтық бөлімі» филиалының қызметкерлерімен, аумаққа шығу арқылы құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша жұмыстар жүргізу барысында Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша семинар өткізді.

Семинар барысында белгіленген қызметтік этика стандарттары және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттеріне қойылатын талаптар қаралды.