Азаматтарды қабылдауы

Азаматтарды қабылдауы

2023 жылғы 17 наурызда Павлодар облысы Әділет департаментінің «Екібастұз қаласының сот актілерін орындау жөніндегі ауданаралық аумақтық бөлімі» филиалының ғимаратында облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Д.Н. Байділдиннің азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдауы өтті.

Қабылдау барысында әділет органдары қызметінің мәселелері бойынша сұрақтарға заңнамаға сәйкес жауаптар беріліп, азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, аталған іс-шара барысында Қазақстан Республикасында терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес және қылмыстық кірістерді заңдастырғаны үшін жазаның бұлтартпастығы туралы ақпарат хабарланды.