Борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту

Борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту

«Павлодар облысы Әділет Департаменті» «Сот актілерін орындау жөніндегі Тереңкөл ауданаралық аумақтық бөлімі» филиалыныңорындауында борышкер С-дан мемлекеттікмекеменің пайдасына 3 256 158 теңге өндіріп алу туралы атқару құжаты негізінде қозғалған атқарушылық іс жүргізуі қарастырылған.

Атқару құжатының орындалуын қамтамасыз ету бойынша сот орындаушысы Ж.Абильдинованың қабылданған шаралары нәтижесінде борышкерден 928 142 теңге берешек бөлігі өндірілді.
Сонымен қатар, өндіріп алушы мен борышкер арасында бітімгершілік келісімі жасалынып, ол сотпен бекітілген.Осыған байланысты, атқарушылық іс жүргізуіқысқартылды.

Борышкерге өндіріп алынған сомадан 10%мөлшерінде мемлекет кірісіне атқарушылық санкциясын төлеу туралы хабарлама берілді. Борышкер С.-мен атқарушылық санкциясы 92 814 теңге өз еркімен төлеуіне байланысты атқарушылық кұжаттың орындалуын қамтамасыз ету шаралары жойылды.