Халықпен кездесу

Халықпен кездесу

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою мемлекеттік органдар қызметіндегі басты басымдықтар болып табылатыны айтылған.

Халықпен тиімді кері байланыс мақсатында Павлодар облысы Әділет департаментінің басшысы М.И. Имятовамен ағымдағы жылдың 3 ақпанында Павлодар облысы Ақтоғай ауданының азаматтарымен іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.

Осылайша, жеке қабылдау барысында азаматтар өздерін қызықтырған, атап айтқанда, атқарушылық іс жүргізу, заңды тұлғаларды тіркеу салаларына қатысты сұрақтар қойды.

Қабылдау қорытындысы бойынша өтініш берушілер осы іс-шараны өткізгені үшін алғыс сөздерін айтып, соның арқасында олар туындаған сұрақтары бойынша жауаптарын алғанын білдірді.