Павлодар облысының Әділет Департаменті жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу бойынша өтініштердің 2023 жылдың 21 ақпанына дейін қабылданатыны туралы хабарлайды

Павлодар облысының Әділет Департаменті  жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу бойынша өтініштердің 2023 жылдың 21 ақпанына дейін қабылданатыны туралы хабарлайды

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 141 – 1 бабының 2 тармағына сәйкес, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін тұрғылықты жері бойынша тиісті жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары арқылы өзін аттестаттауға жіберу туралы өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттармен қоса жібереді.

Заңның 141 бабының 1 – тармағына сәйкес, тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдарында құрылатын, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияларда аттестаттаудан өтеді.

Заңның 141 -1 бабының 7 – тармағына сәйкес, аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

- Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған компьютерлік тест тапсыру;

- үміткердің білімін әңгімелесу түрінде тексеру.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

- жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтуге жіберу туралы Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш.

 - көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, наркологта және психиатрда диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алуышының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына аттестаттау жөніндегі сұрақтар бойынша атқарушылық өндірістері қамтамасыз ету бөлімінің телефон  8 (7182) 65-33-13 нөмеріне хабарласып біле аласыз.