Алқа отырысы

Алқа отырысы

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарда Павлодар облысы Әділет департаментінің басшысы М.Имятованың төрағалығымен кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Күн тәртібінде өткен 2022 жылғы жұмыс қорытындылары қаралып, ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған басым міндеттер айқындалды.

Коллегияға Департамент басшысының орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

         Отырыс барысында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, атқарушылық іс жүргізу саласындағы жұмыстың нәтижелері, заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу бойынша жұмыс барысы, ресми құжаттарды апостильдеу, құқықтық түсіндіру, халыққа заңгерлік қызмет көрсету, зияткерлік меншік құқықтарды қорғау мәселелері талқыланды.

         Отырыстың қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді және Департаменттің алдағы жартыжылдықта басым міндеттері белгіленді. Әлеуметтік маңызы бар санаттар бойынша атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі жұмысты күшейту, жеке сот орындаушыларының, нотариустардың қызметіне жоспарлы, жоспардан тыс бақылау жүргізу, сонымен бірге, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін толық және жан-жақты қарастыру мәселелері қарастырылды.