5-желтоқсан ҚР адвокаттар күні!

5-желтоқсан ҚР адвокаттар күні!

Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы 5 желтоқсанды ҚР адвокатура күні деп белгілеу туралы шешім қабылдады. Бұл күн 1997 жылғы 5 желтоқсанда еліміздің тарихында адвокаттық қызметтің негіздері регламенттелген "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы алғаш рет қабылданғанын ескере отырып таңдалды.

Айта кету керек, біздің облыс аумағында жеке және заңды тұлғаларды құқықтық қорғауды 204 адвокат жүзеге асырады. Оның ішінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін 107 адвокат көрсетеді. Жыл басынан бері облыс адвокаттары 7 326 азаматқа тегін заң көмегін көрсетті.

Павлодар облысының Әділет департаменті адвокаттар қауымдастығын кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтайды және адвокаттық салада табысты мансап тілейді! Сіздің дәлелдеріңіз ең сенімді, ал пайымдауларыңыз ең қисынды болсын. Сізге денсаулық, отбасылық бақыт және өркендеу тілейміз!