Диалог алаңы

Диалог алаңы

2022 жылғы 12 желтоқсанда "Instaqram" "facebook" әлеуметтік желілеріндегі платформада "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" бағдарламасының шеңберінде Павлодар облысының Әділет департаменті "диалог алаңы" жаңа жобасын іске қосады. Осы жобаға спикерлер: Павлодар облысының нотариустары, адвокаттары, заң консультанттары, жеке сот орындаушылары және мемлекеттік сот орындаушылары қатысады.

Осы жоба шеңберінде нотариат, адвокатура және атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнамаға енген өзгерістер бойынша өзекті мәселелер талқыланады. "Диалог алаңы" жобасы - қоғаммен тиісті институттар серіктестігінің белгілі бір нысаны, сондай ақ проблемалық мәселелер мен қабылданатын шешімдерді талқылау үшін өткізіледі.

Осыған байланысты, осы жобаға барлық мүдделі тұлғалардың қатысуын ұсынамыз.

Талқылауға арналған тақырыптар бойынша сұрақтарды алдын-ала kense.pvl@adilet.gov.kz электронды мекен-жайына жолдау қажет.