Әділет кеңес береді

Әділет кеңес береді

20 қыркүйекте Әділет департаментінің қызметкерлері, көші-қон бөлімінің қызметкерінің, адвокаттар алқасының адвокаты М.Темірғали мен Нотариаттық палатаның нотариусы Э. Әбдікерімованың қатысуымен "Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ қоныс аударушыларды уақытша орналастыру орталығының тұрғындары үшін мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде құқықтық консультация өткізді.

Іс-шара барысында азаматтарға азаматтықты ресімдеу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, сенімхаттарды ресімдеу, туу туралы куәліктерді беру мәселелері бойынша білікті заң көмегі көрсетілді.