Кәсіпкерлік субъектілерімен кездесу

Кәсіпкерлік субъектілерімен кездесу

Ағымдағы жылғы 21 қыркүйекте Павлодар облысының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы филиалының алаңында кәсіпкерлік субъектілерімен және мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі «Аманат» ұйымымен кездесу өтті, оған Павлодар облысының Әділет департаменті зияткерлік меншік мәселелері бойынша сарапшы ретінде қатысты.

Іс-шараның мақсаты кәсіпкерлерді авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңнама талаптарымен таныстыру болды.

Кездесу барысында «Fonmix FM» ЖШС өкілдері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес қоғамдық нысандарды сүйемелдеу бойынша өз өнімін ұсынды.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар кәсіпкерлік өкілдерінің күнделікті жұмысында авторлық және сабақтас құқықтарға қатысты, сондай-ақ авторлық құқықтарды, құқық субъектілерінің мүліктік және мүліктік емес құқықтарын тіркеу тәртібі туралы мәселелерді түсіндірді.