Борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту

Борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту

2022 жылдың 22 қыркүйегінде Павлодар облысы Сот актілерін орындау жөніндегі Павлодар қаласының аумақтың бөлімі жеке сот орындаушыларымен бірлесіп «Борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Шара барысында борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша материалдарды қарау кезінде туындайтын түйткілді мәселелер қаралды, сондай-ақ жеке сот орындаушыларына борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды сапалы дайындау бойынша ұсыныстар берілді.