Кеңесі

Кеңесі

2022 жылғы 22 қыркүйекте Әділет департаменті басшысының орынбасары А.М.Саменкуловтың төрағалығымен Павлодар облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, Павлодар облысының қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің, Павлодар облысы ҚАЖД түзеу мекемелерінің және "Еңбек - Павлодар" РМК филиалының өкілдерімен жұмыс кеңесі өткізілді.

Қатысушылармен істердің әлеуметтік маңызы бар санаттары бойынша атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер болып табылатын сотталғандарды жұмысқа орналастыру және мемлекет кірісіне сомаларды өндіріп алу, оның ішінде жәбірленушілерге өтемақы қоры бойынша проблемалық мәселелер талқыланды, сондай-ақ проблемалық мәселелерді шешу бойынша ұсынымдар әзірленді.

Сонымен қатар, А.М.Саменкулов жоғарыда аталған қатысушылардың сот актілерін орындау жұмысында одан әрі өзара іс-қимылы туралы атап өтті.