Коммуникациялық дағдылар

Коммуникациялық дағдылар

Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде Әділет департаменті басшылығының бастамасымен қызметкерлердің қатысуымен психолог Динара Алидаровамен «Коммуникациялық дағдылар» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты: сөйлеу өнерін, аудиторияның назарын аудару тәсілдерін меңгеруге көмектесу, Әділет департаментінің барлық қызметкерлерінің жұмысының тиімділігін арттыру, сондай-ақ қызметкерлерді келіссөздер жүргізудің практикалық дағдыларына үйрету, манипуляцияларға қарсы тұру, өзгерген жағдайға сәйкес келіссөздердің мінез-құлқы мен тактикасын өзгерту.

Сонымен қатар, психолог теориялық біліммен, ұжымда және адамдармен қарым-қатынас жасау бойынша ұсыныстармен бөлісті.