Қонақ үй бизнесі өкілдерімен дөңгелек үстел

Қонақ үй бизнесі  өкілдерімен дөңгелек үстел

«Контрафакт» Республикалық акциясы аясында 2022 жылдың 16 мамырында Павлодар облысы Әділет департаменті қонақ үй бизнесі өкілдерімен «дөңгелек үстел» өткізді.

Аталған іс-шараға «КазАк» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері Ф. Т. Касымов және Н. Ж. Кулмухамбетов, сондай-ақ «IRTYSH HOTEL» және Павлодар қонақ үй кешендерінің өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстел» барысында Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық басқару, зияткерлік меншік объектілерін тіркеу мәселелері қамтылды.

Барлық түскен сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Павлодар облысы Әділет департаменті аталған шараларды тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отыр.