Құқық қорғау органдарының өкілдерімен дөңгелек үстел

Құқық қорғау органдарының өкілдерімен дөңгелек үстел

Павлодар облысы Әділет департаментімен 2022 жылғы 12 мамырында «Контрафакт» Республикалық акциясы шеңберінде құқық қорғау органдарының өкілдерімен зияткерлік меншік құқытарын сақтау және қорғау саласындағы құқық қолдану практикасы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге полиция департаменті, экономикалық тергеу департаменті, мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында сындарлы диалог жүргізіліп, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласында тығыз өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.