Игі істер эстафетасы

Игі істер эстафетасы

«Игі істер эстафетасы» аясында, сондай-ақ Ұлы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеу қарсаңында ағымдағы жылдың 6 мамырында Әділет департаментінің қызметкерлері Сот сараптама институтының Павлодар филиалының, Өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының, Нотариаттық палатаның, Адвокаттар алқасының, «Әділет» заң консультанттар палатасының, Павлодар облысының заң консультанттар палатасының өкілдерімен бірлесіп Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады.

Кездесу барысында қызметкерлер Ұлы Отан соғысы ардагерлерін мерекемен құттықтап, алғыстарын білдіріп, азық-түлік себетін табыс етті.