7 және 9 мамыр

7 және 9 мамыр

7 мамыр – Отан қорғаушылар күнін және 9 мамыр – Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында бүгін Павлодар облысының Әділет департаментінде Әділет департаментінің басшысы М.Имятованың жетекшілігімен салтанатты іс-шара өтті.

Шара барысында әділеттілік пен заңдылықты қамтамасыз ету жолында қызметтік міндеттерін адал және кәсіби орындағаны үшін Департамент басшысының грамоталарымен және алғыс хаттарымен Департамент қызметкерлері және ҰАТ АҚ павлодар облысы бойынша өкілдігінің бас инженері Б.Ж.Иманшарипов марапатталды.

Сонымен қатар, Әділет департаментінің әкімшілік-құқықтық бөлімінің жетекші маманы А.М. Наурызбай мемлекет қызметшінің антын қабылдады.

Департамент басшысы атқарушылық құжаттарды орындау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының медалімен марапатталды.

Шара соңында мерекелік концерт қойылды, оған департамент қызметкерлері, шақырылған қонақтар да қатысты.