Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі Павлодар облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен және  «Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-мен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар санаттағы істер бойынша борышкерлер үшін бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Аталған іс-шараға атқарушылық іс жүргізу бойынша жеке сот орындаушылары мен борышкерлер шақырылды,бірақ елдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты тек 1 борышкер келіп, бос орынға жолдама алды, оның нәтижелері бойынша борышкер бірден «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ-на кондуктор ретінде жұмысқа орналасты.