Некені тіркеуге өтініш берудің тәртібі

Некені тіркеуге өтініш берудің тәртібі

Некені тіркеу үшін біріншіден жазба түрде некеге отыру туралы өтініш тапсыру қажет. АХАЖ-да некеге отыру үшін өтініш тапсырған жағдайда шетелдік өз еліндегі құзыретті органнан некеге отыруға рұқсат ұсыну қажет, себебі ондай рұқсат болмаған жағдайда неке шетелдіктің мемлекетінде жарамсыз деп танылуы мүмкін. Бірақ егер өтініш беруші осындай рұқсатсыз некенің тіркелуін бел буса олардың некелері оған қарамастан тіркеледі. 

Бұдан басқа өтініш берушілер келесі құжаттарды міндетті түрде ұсынады:

  1. Жеке тұлғаларын куәландыратын құжат:
  • Қазақстан Республикасы аумағында тұрып жатқан ҚР азаматы – жеке куәлігі немесе төлқұжаты;
  • Тұрақты шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы – оның ҚР аумағынан тыс тұрақты тұратыны туралы тіркеуде тұрғаны туралы консулдық мекемеден белгісімен азаматтың төлқұжаты;
  • ҚР-да тұрақты тұратын шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында мекендеу қағазы.
  • Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдік – ҚР уақытша тұруға рұқсат беретін, ҚР ішкі істер органы берген құжат;
  • – Қазақстан Республикасының ішкі істер органының белгісімен тұратын жерінде тіркелгені туралы азаматтығы жоқ;
  • Азаматтығы жоқ, Қазақстан Республикасында уақытша тұратын тұлға – оның тұратын еліндегі құзыретті органы берген және Қазақстан Республикасының ішкі істер органында белгіленген тәртіп бойынша тіркелген жеке тұлғасын куәландыратын құжат.

Шетелдіктерді және Қазақстан Республикасында уақытша мекендеген азаматтығы жоқ тұлғаларды тіркеу қызметін онлайн алуға болады.

  1. Бекітілген некеге отыру жасты төмендету қажеттілігін растайтын құжат.
  2. Қиылатын неке туралы мәлімет.
  3. Бар балалар турады мәлімет.
  4. Бір-бірінің денсаулығы және материалдық жағдай туралы хабардарлығы  және неке қиюға кедергінің жоқтығы туралы қолхат.

Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылып, нотариус арқылы расталу қажет.

Әдеттегідей, өтініш берілгеннен кейін бір айдан соң міндетті түрде некеге отырушылардың жеке қатысуымен некелері қиылады. Тіркеу процессі азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу үшін бекітілген тәртіп бойынша жасалады.

Егер Қазақстан және шетел азаматтары арасында неке ҚР тыс неке қиылып жатқан мемлекеттің заңнамасын сақтай отырып қиылса, онда бұл неке Қазақстан аумағында жарамды болып саналады.   

Қазақстан Республикасында келесі тұлғаларға неке қиюға тиым салынатынын еске алған жөн:

  • бірдей жынысты тұлғаларға;
  • екі тұлғаның біреуі болса да басқа некеде болса;
  • жақын туыстарға;
  • асыраушы мен асырап алынғандарға, асыраушының балалары мен асырап алынған балаларға;
  • заңды күшке енген, сот шешімі бойынша тұлғалардың біреуі болса да психикалық дерт немесе ақыл-есі кемдік саласынан қабілеті жоқ тұлғаларға.