Әкімшілік өндіріс бойынша шағым берудің жаңа тәсілдері туралы

Әкімшілік өндіріс бойынша шағым берудің жаңа тәсілдері туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімінің (ЕРАП) жария секторы арқылы әкімшілік процеске қатысушылар үшін кері байланыс функционалын іске асырды.

Бұл функционал процеске қатысушылардың ыңғайлылығы мен уақытын үнемдеу үшін құрылған. Оның көмегімен сіз әкімшілік іс бойынша өтінішті немесе шағымды (өтінішті) тікелей оны қараған органға бере аласыз және уақтылы жауап ала аласыз.

Өтініштер ақпараттық сервисте беріледі Qamqor.gov.kz «Әкімшілік құқық бұзушылықтарға шағымдану» қосымша бетінде.

Айта кету керек, өтінішті тек әкімшілік процестің қатысушысы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) авторизациялай отырып бере алады.

Өтініш сақталғаннан кейін ол мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына «ЕРАП» ақпараттық жүйесіне түседі.

Функционал мәселенің мәнін баяндауға және іс бойынша растайтын материалдарды бекітуге мүмкіндік береді.

Қарау нәтижелері өтініш берушінің e-mail, сондай-ақ оның ұялы телефон нөміріне электрондық хатпен жіберілетін болады.

Пайдаланушының авторизация және шағым беру бойынша қадамдық нұсқаулығы Ақпараттық сервисте орналастырылған Qamqor.gov.kz «Әкімшілік құқық бұзушылықтарға шағымдану» қосымша бетінде.

Сонымен қатар, Qamqor.gov.kz әкімшілік өндіріс аясында ақпарат алудың пайдаланушы қызметінің функциялары жақсарды.

2022 жылдың қаңтарынан бастап қатысушылар әкімшілік өндірісті қарау немесе шағымдану кезінде іс материалдарымен, сондай-ақ бұзушылықтар туралы нұсқамалармен, фото–бейне тіркеу құралдарымен және іске тіркелген файлдармен, оларды жүктеу мүмкіндігімен таныса алады.

 

 

ҚР БП құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің

Павлодар облысы бойынша басқармасы